Қазақстандық дзюдошы бәсекеден шығып қалды

Қазақстандық дзюдошы бәсекеден шығып қалды

Тағы бір қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды. Нұрлыхан Шархан өзбекстандық әлем чемпионына есе жіберді. Осылайша, ел намысын қорғауға барған барлық дзюдошы жігіттердің ойыны аяқталды. Тек қыздар арасында 78 келі салмақ дәрежесінде Камила Берликаш қалды. Ол татамиге ертең шығады. 

Бүгін әлемнің түкпір түкпірінен Шамп де Марс аренасына дзюдо сүйер қауым ағылды. Татамиге 100 келіге дейін күрестін спортшылар шықты. Қазақстан атынан әң жастағы Нурлыхан Шархан күресті. Алғашқы 1/16 финалында дзюдошымыз бельгиялық Тома Никифоровты шидо есебімен жеңді. 1/8 финалында дзюдошымыздың қарсыласы өзбекстандық Мұзаффарбек Туробоев болды. Айта кетететіні, өзбек спортшысы әлемдік рейтингтегі нөмір төртінші дзюдошы және де әлем чемпионы. Осыған дейін 24 жастағы екі құрдас 2023 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарында кездескен болатын. Ол жерде өзбек спортшысы Нұрлыханды иппонмен жеңді. Бүгін де спортшымыз вазари жасап ұпай алса, бірер секундтан кейін Туробоев иппон жасап белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осымен қазақстандық дзюдошымыз бәсекеден шығып қалды.