Дзюдодағы бәсекелестік артты
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың жеңісі дзюдодағы бәсекелестіктің өскенін білдіреді. Азия дзюдо одағының директоры, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері JIbek Joly телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында осылай деді. Себебі, республика бойынша 60 келіде өнер көрсететіндер саны едәуір көп. Енді басқа салмақ дәрежелерінде де осындай нәтижеге қол жеткізу маңызды. Бұл үшін Қазақстанның тәжірибесі жеткілікті, - дейді спикер. Мұны халықаралық қауымдастық та мойындап отыр. Асхат Жіткеев Париж Олимпиадасының турнир кестесі Лондондағы жарыспен ұқсас дейді. Себебі, осыдан тура 12 жыл бұрын ел қоржынына алғашқылардың бірі болып алтын салған Александр Винокуровтың есімі тарихта қалған еді. Енді міне, Елдос та сол жеңісті қайталағанын айтты.
Асхат Жіткеев, Азия дзюдо одағының директоры:
– Халықаралық бірлестік Қазақстандағы дзюдо мектебінің әлеуетін жоғары бағалайды. Әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыра алатын мүмкіндікке ие екендігін жақсы біледі. Елдос Сметовтың жеңісі болашақта дзюдоға қызығатын жастардың санын арттыруға үлес қосады. Қазақстан құрамасы өте мықты жасақталған. Келесі олимпиадада жаңа есімдер шығатынына сенімдімін.

