Шахматтан II Chess Class олимпиадасы өтті
Елордада Astana IT университеті қабырғасында мектеп командалары арасындағы II Chess Class олимпиадасы өтті. Турнирді Freedom Broker компаниясының қолдауымен Қазақстан Шахмат федерациясы ұйымдастарды.
«Патшалар ойыны» инттелект пен есеп, төзім мен түйсік
сарапқа түсетін спорт түрі. Бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 35 команда жиналды. Биылғы ерекшелік – оқушылармен
бірге олардың жаттықтырушылары да сынға түсті. Ал, жарыстың жүлде қоры – 3 миллион
теңге.

