Жамбы атудан алғашқы жарыс өтті

Жамбы атудан алғашқы жарыс өтті

Ат үстіндегі садақ атудан алғашқы жеңімпаздар бүгін анықталады. 27 елден келген сайыпқырандар Жамбы атудың Мажар стилі бойынша алтын жүлдені сарапқа салуда. Қатысушылар 11 топқа бөлінген. Жеңімпаздар кешке қарай белгілі болады. Бірақ, қазірдің өзінде шын мықтылар көріне бастады.