Мемлекет басшысының Ұлттық құрама мүшелерімен кездесуі кейінге шегерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрама
мүшелерімен бүгінге жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді. Себебі - атлеттер
мен жаттықтырушылардың көбінен коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл туралы ҚР
Президентінің Кеңесшісі-баспасөз хатшысы хабарлады. Берік Уәли спортшылар мен
бапкерлердің тезірек сауығып кетуін тілеп, «Мемлекет басшысы Олимпиада
жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада
өтеді», - деп жазды. Айта кетейік, кеше ғана Президент Париж Олимпиадасынан
жүлделі оралған бір топ спортшы мен жаттықтырушыны мемлекеттік наградамен
марапаттау туралы Жарлық шығарды.

