Тәжірибелі жанкүйердің төртінші олимпиадасы

Тәжірибелі жанкүйердің төртінші олимпиадасы

Олимпиада уақытында Парижге өз еліне жанкүйер болам деп отыз миллион адам келіпті. Қай спорт түріне барсаң да ығы-жығы. Бокс алаңында көзге от боп басылған қазақтың туы көгілдір туы. Ол мыңдаған шақырым арқалап келген, жүрегі қазақ деп соққан ақсақалымыз Әбдімәжит Сыздықбаев боп шықты. Бұл жалау көпті көрген. Жақыннан көрсеңіз жұдырығы жойқын талай былғары қолғап иегерлерінің қолын көресіз. Бекет Махмутовтан бастап, Данияр Елеусіновқа дейін қол қойған екен. Боксқа өмірімнің жартысын арнадым десем, қателеспеймін деп Әбдімәжит аға ағынан жарылды. 70 жылдардан бері бір ойынды қапы қалдырмаған, одан қалса төрт Олимпиадаға барып келген.