«Қазақмыс» компаниясының футбол командасы Еуро додада қола жүлде иеленді
Еуропадағы
футбол додасында Қазақстан қола жүлде еншіледі. Бұл жолы ел абыройын
асқақтатқан Черчесов бастаған құрама емес, «Қазақмыс» компаниясының командасы.
Түркияда өткен
шағын футболдан түрлі компаниялар арасындағы Еуро бәсекеден ел атынан қатысқан «Қазақмыс»-тың
қызметкерлері жүлделі орынмен оралды. Бүгін таң ата Анталиядан келетін ұшақты
күттік. Медаль таққан жігіттер көп күттірмеді.

