Мемлекет басшысы Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттады
Шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, додаға қосқаннан абырой таппаймыз. Ондай тәжірибені доғару керек. Бүгін Мемлекет басшысы Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен жүздесуінде осылай деді. Сыртқа көз тіккенше өз ішіміздегі таланттардың бабын жасап, бағын ашқанымыз абзал. Жалпы, биылғы Олимпиада біраз былықтың бетін ашып берді. Соған қарап спорт функционерлері саланы дамытумен емес, миллиардтаған бюджет қаржысын игерумен әлек,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бірақ, уәдесіне берік, мақсатына мығым спортшыларға алғыс айтты. Сол жолда аянбаған мамандардың еңбегі еленді.
Дүбірлі доданың дарабоздары Ақордаға шақырылды. Әуелі халықтың қошеметіне бөленген
спортшылар бүгін Президентпен кездесті. Париж олимпиадасынан оралғандар
арасында Елдостың орны ерек. Ол ерледі. Жақсылық Үшкемпіровтің даңқты жолын жалғады.
Ел тарихында алғаш рет дзюдодан Олимпиаданың алтын медалін алды.

