Азия чемпионатының жеңімпаздары елге оралды
Азия
чемпионатының жүлдегері елге оралды. Оларды жанкүйерлері елорда
әуежайында оларды салтанатты түрде қарсы алды. Айта кетейік, біздің құрама
командалық есеппен бокстан биыл бірінші орынға шықты. Олар барлығы 6 алтын
алған.
Еліміздің атын
әлемге танытып жүрген спортшыларымыз Азия чемпионатында 13 медаль еншіледі.
Оның алтауы алтын. Әуежайдағы мына жұрт оларды думандатып қарсы алды.
Былғары қолғап
шеберлері үшін бұл чемпионат та тартысты өткен. Құрама капитаны Айбек
Оралбайдың айтуынша, көршілес ағайынмен қарсылас болу қиынға соққан көрінеді.
Айбек Оралбай,
Боксшы:
- Қытайлық қазақ
бауырымыз бар, финалда кездескен. Бірінші жекпе жегім өзбекстандық қазақ
бауырымыз Арман Маханов, одан кейін моңғол жергілікті қазақ бауырымыз Бекнұр
деген бала. Әрине енді жеребе кішкене қиындау түсіп, бір-біріімзге түсіп
қалдық. Бірінші екінші бойлар.
Дегенмен
құраманың әттеген-айы да жоқ емес.
Айбек Оралбай,
Боксшы:
- Енді тағы
бір-екі алтын жетіспей қалды деп ойлаймын өзім. Өйткені мана айтып отқандай
Махмұт, Санжар, Төрехан бауырларымыз алтынға лайықты жігіттер.
Біздің боксшылар
командалық есептен көш бастап тұр. Бұл — жүйелі дайындық пен жоғары деңгейдегі
шеберліктің нәтижесі. Құрама алдағы халықаралық турнирлерде де осы қарқынды
сақтап, ел мерейін үстем етуге ниетті.
Валентина
Хальзова, Боксшы:
- Олимпиада ойындарынан кейін 1,5 жыл өтті. Одан соң қайта қалыпқа түсу қиынға соқты. Бұл олимпиададан кейінгі үлкен турнирлердің бірі. Сол себепті мен үшін бұл үлкен жетістік. Жақсы өнер көрсеттім, лайықты жүлдемді алдым. Қолаға да қанағат.
Енді
боксшыларымызды қысқа ғана тынығу мен жаңа дайындық кезеңі күтіп тұр. Жанкүйер
үмітін арқалаған құраманың басты мақсаты - осы қарқынды жоғалтпай, халықаралық
аренада тұрақты нәтиже көрсету.
Авторы: Мақпал Рахатқызы

