Спортқа бөлінетін қаражат 3 есе қысқарады
Қазақстанда легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым
салынады. Бүгін Сенат тиісті заңды мақұлдады. Үнемделген ақша кішкентай
спортшыларды дайындауға берілуі тиіс. Әрі спорт мектептерінің жаттықтырушыларын
қолдау үшін аптасына 18 сағат жүктеме нормативі енгізіледі. Қысқасы, спорт
саласын бірқатар өзгерістер күтіп тұр. Ал, нәтиже көрсетпеген мемлекеттік спорт
ұйымдарының басшылары шетінен жұмыстан қуылады.

