Елордада діни конфессиялар жасыл алаңда шеберлік байқасты
Спорт – достықты нығайтады. Астана төрінде әртүрлі дін өкілдері бас қосып, футболдан жолдастық кездесу өткізді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Қазақстан футбол федерациясы мен Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасы мұрындық болған. Басты мақсат - футбол арқылы Қазақстан халқының түрлі діни конфессияларының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, халық арасында бейбітшілік, келісім мен бірлік құндылықтарын насихаттау.
Бұл турнир – спорт пен достықты ту ету арқылы түрлі діни сенім өкілдері
арасында ешқандай шекара мен қайшылықтардың жоқтығын көрсетуге арналған. Басты ұстаным - сыйластық
пен ынтымақтастық. Жарысқа 9 діни конфессиядан құралған 16 команда қатысты.