Алматыда шахматтан «Final of Kazakhstan Cup» – 2024 ақтық сын ойындары өтті

Алматыда шахматтан «Final of Kazakhstan Cup» – 2024 ақтық сын ойындары өтті

Алматыда классикалық шахматтан ел Кубогының ақтық кезеңі аяқталды. Сайысқа Өзбекстан, Үндістан, Грузия, Украина және тағы басқа алыс жақын шетелден барлығы 32 шахматшы қатысты. Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған жарыстың биылғы жүлде қоры - 50 мың доллар.

Финал нокаут жүйесі бойынша өтті. 32 қатысушының 16-сы ерлер ал, тағы 16-сы қыздар. Әр партия тартысты өтті. Қыздар арасында бірінші орын Ресейлік 21 жасар Екатерина Гольцеваға бұйырды.

Ал ерлер арасында шахмат олимпиадасының қатысушысы Денис Махнев жеңімпаз атанды. Ол ақтық сында Қазақстан чемпионы Рамазан Жалмахановпен кездесті.