Жаңа спорт кешені ашылды

Жаңа спорт кешені ашылды

Нысан облыс әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоры және «Қазақмыс» корпорациясының өзара ынтымақтастығы нәтижесінде салынды. Жаңа кешен ауыл жастары үшін спортпен тұрақты шұғылданып, жоғары нәтижелерге ұмтылуға кең мүмкіндік ашып отыр. Елді мекен тұрғындары бұл игі істі үлкен қуанышпен қабылдап, жас ұрпақтың болашағына жасалған нақты қолдау деп бағалады.

Шыңғыс Шарапиев, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі:

- «Қазақстан халқына» қорының спорттық кешендерін салу бағдарламасын бойынша салынған екінші нысан. Бұған бөлінген қаражат көлемі 174 млнн. жалпы Ұлытау обл қосымша 64 млнға 7 спорттық клуб ашылды. Жалпы облысқа 3 жыл ішіне 3 млрд көлемінде көмек көрсетілді.

Өмірзақ Мәмбетов, Ауыл тұрғыны:

- Бүгінгі қуаныш қайырлы құтты болсын! Бұл кешен ауылдың жастары үшін үлкен жетістік. Бұл ауыл талай палуан, боксер, әнші мен биші шыққан ауыл. Әлі де мықты спортшылар шығады деген үміттеміз.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысан бір уақытта 100 балаға дейін қабылдай алады. 1200 шаршы метр болатын алаңда футбол, волейбол және баскетбол секілді командалық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысуға барлық жағдай жасалған.

Алтынбек Сүйіндіков, Спорт-нұсқаушы:

- Облыс әкіміне, «Қазақстан халқына» қорына, «Қазақмысымызға» алғыс айтамыз. Ауылға осындай үлкен спорт кешенін салып беріп жатқан. Қуаныштымыз. Енді осында жақсы спортшы балаларды шығарамыз деп ойлаймыз. Талпынып жатыр. Ниеттері соған ұмтылып тұр.

Ерқанат Әбдіхалық, Ауыл тұрғыны:

- Бұрын біз ашық алаңда ойнап үйренгенбіз. Қыс келді, енді осы жабық алаңдамыз. Жабық алаң біздің ауылдың игілігі болып саналады. Бұл алаң футбол ойнауға тиімді. Мұнда футбол, баскетбол, волейбол ойнау, үстел теннисін ойнауға болады.

400-ге тарта түтіні, екі мыңға тарта тұрғыны бар Ералиев ауылының спортсүйер жастары «Толағай» атты жаңа кешенде жаттығуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта мұнда әртүрлі деңгейдегі жарыстар өтеді. Сондай-ақ, елге жанашыр азаматтар спорт кешенін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, игі іске өз үлестерін қосып жатыр.

Авторы: Алтынгүл Мәжікен