DeepSeek-ті пайдалануға бірнеше елде тыйым салынды
Оңтүстік Корея мен Жапонияның бірқатар мемлекеттік мекемелерінде DeepSeek-ті пайдалануға тыйым салынды. Күншығыс елінде алпауыт компаниялар да қытайлық жасанды интеллектіні қолданудан бас тартқан. Мәселен, Toyota, Mitsubishi компаниялары платформа ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіреді дейді. DeepSeek Оңтүстік кореялық оқу орындарында да шектелген. Мысалы, Сеул Ұлттық университеті смарт жүйені кампус аумағында тіпті бұғаттап тастаған. Айта кетейік, бұған дейін DeepSeek-ті қолдануға Италия, Аустралия мен Тайвань да тыйым салды.

