Құрылыс саласы цифрландырылып жатыр

Құрылыс саласы цифрландырылып жатыр

Бұдан былай қалаларда салынып жатқан нысанның әуелгі жобасынан ауытқымауы үшін құрылыс объектісінің бірегей нөмірі енгізіледі. Әрі келер жылдан бастап, құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды. Атап айтқанда, елді мекендердің аумағын қарау кезінде компьютердің мүмкіндігін қолдану көзделіп отыр. Осылайша заңсыз салынған нысандарды оңай анықтауға болады.