Медицинаны дамытуға 230 млрд теңге инвестиция тартылған

Медицинаны дамытуға 230 млрд теңге инвестиция тартылған

HEALTH INVEST FORUM – 2026 - осындай атаумен Алматы облысында ірі медициналық инвест-форум өтті. Қонаев қаласында ұйымдастырылған халықаралық шараға әлемдік фармацевтика саласының алпауыттары мен отандық белді медицина саласының өкілдері қатысты. Форумның мақсаты - өңірлік медицина саласын дымыту, оған сырттан капиталды тарту. Форум барысында 7 ірі компаниямен маңызды меморандум жасалды.

Бұл форум өңірде осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Былтыр облысқа 230 миллиард теңге инвестиция келсе, бүгінгі жиында бірден 78 миллиард теңгенің меморандумына қол қойылды. Енді келісім негізінде Қонаев пен Алатау қаласында және Қарасай ауданында заманауи емхана салынады.