Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастықты нығайтуға бейіл
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ынтымақты нығайтуға бейіл. Бүгін аталған ұйымның Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдаған Президент елдегі саяси және институционалдық өзгерістер туралы айтты. Жақында өткен референдум мен жаңа Конституцияның қабылдануы заң үстемдігін нығайтып, мемлекетті басқарудың орнықты моделін қалыптастыруды көздейді.- деді. Феридун Синирлиоғлы Өңірлік экологиялық саммитке шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, климат және экология күн тәртібін қалыптастырудағы Қазақстанның рөліне жоғары баға берді.
Сондай-ақ, Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
Парламенттік ассамблеясының төрағасымен де кездесті. Пере Жоан Понс Өңірлік экологиялық саммитте
қозғалған мәселелердің өзектілігіне тоқталды. Ол өңірлік күн тәртібін
ілгерілету мен ортақ бастамаларды жүзеге асыру жолында Орталық Азия елдерінің
жұмыла білетініне көз жеткізгенін айтты.

