Президент Қорғаныс министрін қабылдады
Қазақ жауынгерлері Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясын сәтті аяқтады. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Мемлекет басшысына атқарған қызметі жөнінде есеп берді. «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысын баяндады. Сондай-ақ, осы айдың соңында Бурабайда өтетін «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны жөнінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

