«ДосболLIKE» акциясы басталды

«ДосболLIKE» акциясы басталды

Қазақстанда «ДосболLIKE» акциясы бастау алды. «Біртұтас тәрбие» ұлттық бағдарламасының аясында қолға алынған жобаға еліміздің барлық мектептері тартылған. Атына заты сай игі бастама оқушылардың бірлігін жарастыруға бағытталған. Яғни, дарынды балалар  білім, спорт, өнер немесе өзге  дағдысын  ұштастырып, шығармашылық әріптестік құрулары тиіс. Осылайша бір мүддеге ұя білетін қайырымды ұрпақ тәрбиелеу көзделіп отыр. Достыққа үндейтін шараға Қазақстанда құрылған балалар омбудсмені бастамашылық етті. Бір ай бойы жалғасатын акцияға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар, еріктілер және әлеуметтік әріптестер жұмылады.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

- Бұл жерде жобаның негізгі бастамашысы, идеяны берушілер балалардың өзі екенін атап өту керек. Балалардың осындай белсенділігін, қоғамда орын алып жатқан, мектепте орын алып жатқан жағдайларға жалпы өзі болашақ тұлғалық қалыптасуына бей-жай қарамайтындығын қолдап, біз акцияны республика көлемінде өткізуді дұрыс деп шештік. Өйткені, балалардың өзінен шыққан ой балалар арасында кең танымал  болып, сәтті іске асатынына толық сенімдіміз.