Қой бағып, шетел аралаған шопан

Қой бағып, шетел аралаған шопан

Мал өсірсең - қой өсір, пайдасы оның көл-көсір. Қызылордалық шопан Серік Нұржанов осы бір тәмсілдің тегін айтылмағанын ісімен дәлелдеп жүр. Ұсақ малды өрісте өрдірген жан 40 жылдан бері ата кәсіптен береке тауып келеді. Тіпті, адал еңбектің арқасында сіз бен біз бара қоймаған әлемнің бірнеше еліне де саяхаттап қайтқан.