Astana Hub Орталық Азиядағы көшбасшылығын растады

Қазақстанның Стартап-экожүйесі 2023 жылы жаһандық индескте өзінің Орта Азия бойынша жетеші орында екенін тағы бір дәлелдеді. Бұл туралы сараптаманы StartupBlink орталығы жүргізген. Халықаралық зерттеу қорытындысына сәйкес, бүкіләлемдік рейтингте Астана 25 сатыға жоғарылап, өңірлік рейтингте көш бастады. Бұл керемет нәтиже үшін Astana Hub технопаркіне Startup Ecosystem Awards жоғары дәрежелі марапаты бұйырды. Айта кетсек, аталған дәреженің жеңімпаздарын анықтау кешенді алгоритмге негізделген. Ол адам саны, өңірлік ықпал ету мен басқа қимылдардан құралған 40 астам факторларды қамтиды. Astana Hub өкілдерінің сөзінше, рейтингтегі жоғары орын технопарктің қазақстандық стартаптарды қолдау мен дамытудағы үлесінің мойындалуын білдіреді. Өз кезегінде бұл отандық өнертапқыштардың жұмысына әлемнің түкпір-түкпіріндегі инвесторлардың да көңілін аудартады. Бүгінде Astana Hub ішінде мың жарымнан астам IT-компания жұмыс істейді. Олардың барлығының ортақ табысы 1 млрд 700 млн доллардан асып жығылады. Ал, оған тартылған инвестициялардың көлемі 578 млн долларды құрады.

 

Мәди Тәжікенов, Астана Hub Халықаралық қатынастар және инвестициялар кеңсесінің директоры:

- Мемлекет басшысы алдымызға айти-экспорт көлемін 2026 жылға дейін 1 миллиард долларға дейін ұлғайту міндетін қойды. Сондықтан салалық министрліктің, Дүниежүзілік банктің, қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Астана Hub-тың барлық бастамалары, сондай-ақ басқа да серіктестердің қолға алған жұмыстары осы мақсатқа қол жеткізу үшін арналған қадамдары. Негізгілері ретінде Google for Startup-пен серіктестік атап өтуге болады. Онда біз Silk Way халықаралық акселерациялық бағдарламасын бірлесіп іске қостық. Сондай-ақ Draper Universityді атап өткен жөн. Онда біз стартаптарымызды Hero training халықаралық акселерациялық бағдарламасына жібердік.