Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады. Наталья Годунова мемлекеттік мекеменің 2023 жылғы жұмысы туралы есеп берді. Оған сәйкес Қазақстанда бір жылда 19,5 трлн теңге көлемінде аудиторлық тексеріс жүргізілген. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылдың 4-тоқсанында жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Президент мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.