«Тазы» деректі фильмі көрерменге жол тартты
Қазақтың жеті қазынасының бірі – тазы тұқымы туралы фильм стриминг платформаға шықты. Деректі туынды ұлтымыздың аңшылық дәстүрі, сондай-ақ осы асыл тұқымды итті сақтап, баптап жүрген адамдардың өмірі туралы.
Фильмнің басты кейіпкері - Рашид Атамбаев. Ол көп жылдан бері қазақы тазының тұқымын өсіріп, аңшылық құрып, жарыстарға қатысады. Режиссер шынайы кейіпкердің өмірі арқылы ұлттық мұраны сақтаудың маңызын көрсетеді.

