Қ.Тоқаев халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты

Қ.Тоқаев халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нәзік жандыларды келе жатқан мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде ерлермен бірдей еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосып жүрген барлық әйелдерге ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ мемлекет оларға қажетті қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Ресупбликасының Президенті :

-8 наурыз – көктем мерекесі. Бұл – сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың символына айналған мереке. Біз ер-азамат болып, сіздерді жоғары бағалаймыз, құрметтейміз және жақсы көреміз. Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше. Жалпы, әйелді құрметтей білген қоғамды мәдениетті, өркениетті қоғам деуге болады. Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет.

Мемлекет басшысы оның бастамасымен әйелдерге өкілді билік саласында арнайы квота бөлінгенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңда Парламент пен мәслихаттардағы әйелдердің үлесі артқанын да қосты. Өз кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенді әйелдеріміз аз емес. Президент  өндірісте, ғылымда және спортта табысқа жеткен аруларымыз көп. Қазақстандағы ұстаздардың басым көпшілігі – әйелдер деп атап өтті. Олардың Қазақстанның гүлденуіне қосқан үлесі жоғары бағалауға лайық. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген бұрымдыларға алты номинация бойынша табысталды. Салтанатты рәсімнің соңында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелмен әлем әдемі» атты мерекелік концерт өтті.