Қ.Тоқаев Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі

Қ.Тоқаев Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі

Қазіргі жаһандық және өңірлік күн тәртібіне қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай? Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерімен кездесуінде осыған тоқталды. Мемлекет басшысы сот төрелігі, заң үстемдігі, теңдік және жауапкершілік қағидаттарына негізделген «Әділетті Қазақстанды» құру жөнінде айтты. Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев – Таяу Шығыстағы араб елінің Консультативтік Кеңесінің алдында сөз сөйлеген алғашқы шетел президенті. Ол Қатардың 2021 жылы заң шығарушы органға алғаш сайлау өткізгенін атап өтіп, бұл шешімнің маңызы зор екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан мен Қатар берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтарға және өзара қолдауға негізделген сенімді серіктестік қатынастарды құптайды. Қос елде дүниежүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісінде елеулі рөл атқара алатынын айтты. Бұл ретте Қатардың бітімгерлік және әлемдегі көптеген жанжалды, соның ішіндегі Палестинадағы жағдайды реттеуді көздеген мәмілегерлік әрекеттеріне жоғары баға берді. Президенттің пайымынша, қос тараптың  көпжақты серіктестіктің орнықты дамуы Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты. Саяси және экономикалық байланыстар жандана түскен өңірдің дамуы әріптестіктің бірегей мүмкіндіктерін ашады.