Қазақстан Камбоджаға аграрлық өнімдер тасымалын ұлғайтады

Қазақстан Камбоджаға аграрлық өнімдер тасымалын ұлғайтады

Қазақстан Камбоджаға бидай, тыңайтқыш пен басқа да аграрлық өнімдер тасымалын ұлғайтуға әзір. Бұдан бөлек, озық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесуінде айтылды. Президент екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін әлеует мол екенін жеткізді. Ал Камбоджа Премьер-министрі Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін растады. Хун Манет Қасым-Жомарт Тоқаевқа: "Өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға арнайы сапармен келіңіз" деп шақырды.