Middle Corridor жүйесі цифрлық логистикаға айналады
Қазақстан Middle Corridor жүйесін цифрлық логистикаға айналдырады. Бірақ бұл жоспарды Қытаймен бірге орындайды. Нәтижесінде, Қазақстан мен Қытай арасында Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Еуропамен байланыстыратын көлік-логистика хабы қалыптасады. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсаты. Соңғы 15 жылда мемлекет көлік және логистика инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд доллардан астам инвестиция салған. Президенттің бұл жолғы Шанхайға сапары барысында 70 құжатқа қол қойылған. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізіп, екі елдің стратегиялық байланыстарының дамуын талқылады. Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтаса, Си Цзиньпин қазақ президентін жүргізіп жатқан саяси бастамасын жоғары бағалап, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі.

