Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Еуразиялық даму банкінің Қазақстан экономикасына салатын жыл сайынғы инвестициясы екі жыл қатарынан 1 млрд доллардан асты. Бұл туралы банктың басқарма төрағасы Мемлекет басшысына  баяндады. Осылайша, қаржы институтының 2022-2023 жылдардағы  инвестициясының жылдық көлемі 4,2 миллиард долларды құраған. Бұл 2022-2026 жылдарға арналған жоспардан 1,5 есе көп. 

Оның үстіне, банк жиынтығындағы қазақстандық жобалардың үлесі артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 59% құрады. Қазақстандағы әлеуетті жобаларға бөлу үшін  банктің биылға қарастырып отырған қаржысы 3,5 млрд доллардан асады. Банк төрағасының айтуынша, инвестицияны, ең алдымен, көлік инфрақұрылымы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және су ресурстары сияқты салаларға салу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қаржы құрылымы қолдау білдірген инфрақұрылымдық жобалардың маңызды екенін айтты. 

Одан бөлек, Мемлекет басшысы биыл жазда Алматы қаласында аталған бантің жылдық қорытынды жиналысын және іскерлік форумын ұйымдастыру мәселесін құптайтынын жеткізді.