Каспийдің болашағы – ортақ жауапкершілік
Соңғы жылдары Каспий теңізі тартылып, жағалау сызығы шегініп жатыр. Бұл жағдай табиғатқа ғана емес, балық шаруашылығына, порттардың жұмысына және жағалаудағы елдердің экономикасына қауіп төндіруде. Күрделі ахуал Бакуде өткен халықаралық дөңгелек үстелде талқыланды. Жиын Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында ұйымдастырылды. Басқосуға ғалымдар, экологтар және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Каспий мәселесін бір елдің күшімен шешу мүмкін емес. Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселесін мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде қарастыратынын атап өтті. Жаңа Конституция жобасында азаматтардың табиғатты қорғау жауапкершілігі алғаш рет нақты көрсетілген.

