9,7 млн долларға тең виртуалды активтер бұғатталған
Президент Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, биыл атқарған жұмысы бойынша
есеп алды. Агенттік басшысының айтуынша, 9,7 млн долларға тең виртуалды
активтер бұғатталған. 24 млрд теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға
айналдырған жалған компаниялар әшкереленген. 720 қылмыстық істі тергеу
аяқталып, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты, соның ішінде 3 трансұлттық заңсыз ұйым
жойылған. Жалпы құны 164 миллиард теңге бюджет қаржысы мақсатсыз жұмсалғаны да
анықталып отыр. Әсіресе, субсидиялаудың ақшасы шетінен желініпті. Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200
миллиард теңгені заңсыз шығару фактілері де тіркелген. Қылмыстық іс қозғалған.

