«Цифрлық растау» жүйесі жеңілдетіледі
Енді цифрлық кеңістіктегі дүниелер де материалдық мүлік ретінде заңмен қорғалатын болады. Жаңа кодекске сәйкес электрондық деректер мен әлеуметтік желідегі парақшалар жеке меншіктің бір түрі ретінде танылмақ. Демек, сіздің жеке мәліметіңізге немесе аккаунтыңызға біреу рұқсатсыз қол сұқса, ол заңбұзушылық деп саналуы тиіс. Мұндай ақпаратты енді сатуға да, мұраға қалдыруға да мүмкіндік бар.

