EXPO алаңында экологиялық технологиялар көрмесі өтті
Өңірлік Экологиялық Саммит аясында 30 елдің көрме павильоны ашылды. Мұнда су үнемдеу, жасыл энергетика, экологиялық орта қалыптастыру және қалдықтарды қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғаудың тың тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ, инновациялық жобалар мен жас кәсіпкерлерді қолдайтын «Жасыл» стартаптар байқауы болады. Сонымен қатар көрме аясында мемлекет пен бизнес арасындағы диалог алаңына айналған инвестициялық форум өтеді.
Мақпал Рахатқызы, тілші:
- Мынау ауаның сапасын анықтайтын құрылғы. Ластанған аумақтарды мына иіс сезгіш дрон бірден біледі. Экспо алаңындағы халықаралық көрмеде осы сияқты жүздеген нано технология бар. Бүгін бұл жерді алыс-жақын шетелдердің мемлекет басшылары аралап шықты.
е seed- бұл да отандық ғалымдардың ойлап тапқаны. Ол топырақты қопсытып, дән егуге көмектеседі. Негізгі идеясы тартылған Аралдың орнына өсімдік егіп, түрлі зиянды элементтердің желге ұшуына жол бермеу. Технологияның көмегімен қазірдің өзінде Арал маңындағы 1 га жерге 7500 дән салынған капсула себілген. Құрылғы қазан айынан бастап сынақтан өтіпті.
Темірлан Ербосынов, жоба жетекшісі:
- Бұл жоба Калифорниялық Бейкли университетімен бірге, локализация қызылордаолық қорқыт ата университетінде жасалған. Аралды қорғау халықаралық қорынымен де. Бұл жоба 4 тараптан қолдау күтіп отыр. Біз ол дәндердің жердің түбіне енетініне сенімдіміз. Бірақ әзірге эксперимент ретінде. Тамыз айында нәтижесін көреміз.
Көрмеге күн, жел энергиясын тиімді пайдалану, су ресурстарын үнемдеу, көгалдандыру сияқты бағыттар бойынша түрлі технология қойылған. Мұнда Армения, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің 120-дан аса павильондары бар. Сондай-ақ әлемнің 30 елінен 240-қа жуық компания қатысқан. Жасыл технологияларды жеті елдің президенті аралап көрді.
Дилором
Сұлтанмұратова, ұйымдастырушы:
- Бұл алаңның басты ерекшелігі - екі жақты қарым қатынас орната алу мүмкіндігі бар. Мысалы жоба авторлары бірегей технологияларын, идеяларын көрсетеді. Осы ретте инвесторлардан қаржылық қолдау табуға мүмкіндік болады.
Экспозициялар орнықты
экожүйені сақтауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға,
экологиялық мәселелерді шешудің тың тәсілдерін қарастыруға бағытталған.

