Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары ынтымақтастықты кеңейтуде

Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары ынтымақтастықты кеңейтуде

Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары ынтымақтастықты арттыратын болады. Астанада алғаш рет үшжақты форматта Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан ішкі істер министрлерінің кездесуі өтті. Ведомство басшылары қылмысқа, соның ішінде терроризмге, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күрестің барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығы мен өзектілігін талқылады.

 

Ләззат Стамғазиева, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Кездесу қорытындысы бойынша қылмысқа қарсы күрес ынтымақтастығын одан әрі жетілдіруге бағытталған хаттамаға қол қойылды. Кездесу дәстүрлі достық, шырайлы және сенімді атмосферада өтті.