Ерлан Қарин «Орталық Азия мен Қытай» талдау орталықтарының V форумына қатысты
Елордада «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтарының V форумы өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты. Алқалы жиында сөз сөйлеген Ерлан Қарин көпжақты диалогты нығайтудың маңызына тоқталып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Таяу арада Астанада өтетін «Қытай – Орталық Азия» саммитінің екінші отырысы осының бір дәлелі екенін атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың күшейе түскеніне назар аударды. Сондай-ақ, ол елімізде жүзеге асырылған реформаларға және даму жолындағы басым бағыттарға тоқталды.

