Лувр мұражайына ұрлыққа түскендер ұсталды
Лувр мұражайына ұрлыққа түсіп, ғасыр қылмысын жасады деген күдікпен тағы 2 адам ұсталды. Бұған дейін Париж бас прокуратурасы 5 азаматтың ұсталғанын хабарлаған. Бірақ кейін тергеуден соң олардың үшеуі босатылған. Әзірге 37 жастағы азамат басты күдікті. Сондай-ақ, оның әйелі де сыбайлас ретінде іске тартылған. Ұсталғандар қылмыстарын мойындаған жоқ. Айғақ ретінде екеуінің ДНҚ-сы бар. Ал қолды болған әшекейлер табылған жоқ. 19 қазанда Париждегі әйгілі Лувр мұражайынан Наполеон мен Франция патшайымдарының зергерлік бұйымдары қолды болған. Қылмыскерлер скутермен келіп, құрылыс техникасы арқылы Аполлон галереясынан 8 экспонатты алып кеткен. Әрі ғасыр ұрлығын олар небәрі 7 минуттың ішінде жасаған. Ұрланған заттардың құны 102 млн еуродан асады.

