Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

Қазақстан 3 жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық елге айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет алдына осындай міндет жүктеді. Тіпті мақсатқа жету үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатын болды. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқарады. Оған қоса, Цифрлық кодекс қабылданады. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс.