Қазақстан мен Өзбекстан 7 жобаны іске қосты
Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын 7 жобаны іске қосты. Кәсіпорындар Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында бір мезетте ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен кездесуде трансшекаралық өзендерге қатысты келісім жасады. Сондай-ақ, тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

