Қайтарылған активтерге аурухана жөнделеді
Қайтарылған активтердің 1,3 млрд теңгесі Солтүстік Қазақстанның Тайынша ауданына аударылды. Мұнда көпсалалы аурухана бастан-аяқ жөнделіп жатыр. Аталған қаражат техникалық база мен инженерлік желілерді жаңартуға жұмсалады. МРТ аппараты сатып алынады. Сонымен қатар халықаралық триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлмесін ұйымдастыру көзделген. Реанимациялық төсектер орналастырылады. Бұл медициналық қызмет сапасына да айтарлықтай әсер етеді,-дейді мамандар. Айта кетейік, осынлай 400-ден астам әлеуметтік және коммуналдық нысандарды қалпына келтіруге Арнаулы мемлекеттік қордан 482 млрд теңге бөлінген. Оның 183-і медициналық мекеме.

