Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық
Саммиттен кейінгі елде өткелі тұрған ең ауқымды шара – Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Оны тамашалауға әлемнің әр түкпірінен 100 мыңдай турист келуі мүмкін. Жаһандық жарыстың жай-жапсары бүгін шетелдік журналистерге таныстырылды. Ауқымды додаға әлемнің 100 елінен 3 мың спортшы қатысады. Әзірге 89 мемлекеттен өтінім түскен. Әзірге дайындық қызу. Шетелдік меймандарға 32 қонақ үй әзірленген. Жарыс өтетін ең ірі спорт ғимараттары мен ат жарыстарына арналған ипподромдар ретке келтірілді. Сайыстың жүлде қоры да белгілі. Дода демеушілері 500 млн теңге дайындап отыр. Ал, жеңімпаздарға үлестірілетін медаль үлгілері де шетел тілшілері назарына ұсынылды.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі
– Саммит кезінде біз мына пирамидада осы жердегі сияқты бұрыштама жасаған болатынбыз. Сол жерде еріктілер, сарапшылар өз пікірін айтып жатты. Ол жерде 100-ден астам шетелдік журналистер болды. Олар соның бәрін көрді. Бейнеролик жасадық. Қолдарына бағдарлама бойынша кітапшаларды бердік.

