Студенттер ұлттық киім дефилесін өткізді

Астанадағы Сервис және туризм колледжінің студенттері сән көрсетілімін ұйымдастырды. Дефилеге кәсіби тігіншілер мен кәсіпкерлер де атсалысқан. Ұлттық нақыштағы әр киім - өнер туындысы. Кейбіріне демеушілер де табылды. Бұл кәсіптік білім беретін мекеме шәкірттері үшін зор мүмкіндік.