Мал басы туралы жалған есеп бергендерге айыппұл салынуы мүмкін

Мал басы туралы жалған есеп бергендерге айыппұл салынуы мүмкін

Мал шаруашылығындағы жалған есепті жою үшін деректер базасы толық цифрландырылмақ. Бұл бастама мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында қолға алынды. Мал шаруашылығында таңбаланған сырғалар мен мен смарт-қарғыбаулар қолданылып жүр. Жасанды интеллект малдың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл аурудың алдын алуға көмектесіп, табынды басқаруды жеңілдетпек.

Автоматты азықтандыру мен суару жүйелері де енгізілуде. Бұл өнімділікті арттырып, шығынды азайтуы тиіс. Сондай-ақ, министрлік мал басы туралы жалған есеп бергендерге әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр. Жаңа заң жобасы Мәжіліске жіберілді.

Аманғали Бердалин , ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Жауапкершілікті күшейту мақсатында 1-2 өзгеріс енеді. Қазір малдың иесі өзінгің төлін есепке қоймайды. Базадағы есепке түскен малдың есебі бар. Сондықтан әкімшілік жаупкершілікті енгізуіміз керек.