Жас таланттар байқауы өтті
Атырауда JAS TOLQYN 2026 жас таланттар байқауы өтті. Дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға, әрі шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған дода осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Өнер сайысында бес өңірдің өрендері бақ сынасты. Үздіктері анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Байқау «Каспий құбыр консорциумы-Қазақстан» компаниясының қайырымдылық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

