Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады
|
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ғабит
Сыздықбековті қабылдап, мегаполистің жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық
дамуы жөніндегі есебін тыңдады. Әкімнің айтуынша, негізгі капиталға салынған
инвестиция 31 пайызға артып, 360 миллиард теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында
құны 680 миллиард теңгенің өнімі өндіріліпті. Құрылыс қарқыны да күшейіп, 517
мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Жаңа әуежай терминалы
пайдалануға беріліп, теміржол вокзалы қайта жаңғыртылған. «Келешек
мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 білім ордасы, Оқушылар сарайы мен
спорттық нысандар салынған. Президент қала экономикасын әртараптандыру,
қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту,
тұрғындарды баспанамен қамту, жол инфрақұрылымын жетілдіру, сондай-ақ
әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын салу жөнінде нақты тапсырмалар берді. |

