Зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегі қайта есептеледі
Зейнетақы
жинақтарының жеткілікті шегі қайта есептеледі. Бұл туралы Үкімет қабырғасында
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Бірақ
әзірге тұжырымдама бекітілмеген. Есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министр
алдағы 10 күн ішінде оның аяқталып, бұқараға жария болатынын айтты. Өзгеріс 20
мен 63 жас аралығындағы азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың
шекті межесіне қатысты болмақ. Жаңа ережеде меже 5 негізгі көрсеткішке сүйене
отырып есептеліп жатыр. Онда 9% жылдық табыс, ай сайынғы төлемдер бойынша
жылдық индекстеу мөлшерлемесі және өзге де көрсеткіштер қамтылған. 2021 жылдан
бері зейнетақы жинағынан азаматтар алған сома 5,5 млрд теңгеден асқан.

