Биыл Қазақстанда 4 жаңа жол пайдалануға беріледі

Биыл Қазақстанда 4 жаңа жол пайдалануға беріледі

Қазақстанда көлік-транзиттік әлеуетті дамыту үшін жаңа жобаларды сатылы түрде жүзеге асыру басталды. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы жаңартылады. Бұл жұмыс 2024 жылы басталып, 2030 жылға дейін жалғасады. Бұл туралы еліміздің Көлік министрлігі хабарлады.


Осылайша, жобаларды жүзеге асыру 3 кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде «Қызылорда-Жезқазған», «Ақтөбе-Қызылорда», «Қарағанды-Жезқазған» және «Сарыағаш қаласынан айналма жол» жобалары бойынша құрылыс басталады. Екінші кезеңде «Атырау-Доссор», «Астана-Қостанай-РФ шекарасы», «Атырау-Орал» және «Түркістан қаласынан айналма жол» жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмек. Үшінші кезеңде 2026 жылдан кейін қалған жобаларды жаңғырту көзделген.


Биылдың өзінде негізгі «Астана-Балқаш-Алматы» және «Талдықорған-Өскемен», «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Атырау-Астрахан» дәліздеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталады. Барлығы 2024 жылы 2000 шақырымнан астам жаңа және жаңғыртылған республикалық маңызы бар тас жолдар пайдалануға берілмек.