Қар тазалауға шыққандарға сағатына 19 доллар төленеді
Нью-Йорк қалың қар
құрсауынан шыға алмай жатыр. Соңғы күндері мұнда қатты боран соғып, желдің
екпіні сағатына 113 шақырымға дейін жеткен. Мегаполис аумағын қоса есептегенде
шамамен 250 мың адам жарықсыз отыр. Көшелерде көлік қозғалысы тоқтап, шамамен 5
мың әуе рейсі кейінге шегерілген. Қазір қардың қалыңдығы жарты метрден асқан.
Оны тазалауға жұмыс күші жетіспей жатыр. Сондықтан қала мэрі коммуналдық
қызметке уақытша еңбек күшін тарту туралы бұйрық шығарыпты. Яғни, көшені қардан
тазалауға қатысқан тұрғындарға сағатына 19 доллар төленбек. Ал аптасына 40
сағаттан артық жұмыс істегендерге 29 долларға дейін ақы тағайындалады. Бұл
жағдай «қарлы локдаун» деп аталып, көптеген компания қызметкерлерін онлайн
режимге көшіруде.
Зохран Мамдани,
Нью-Йорк мэрі:
- Нью Йоркте қар көшкіні соңғы он жылдықта мұндай болмаған. Қазір тазалау жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Мұндағы қардың қалыңдығы бір метрден асып кеткен, осының салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті.

