Қазақ ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамхана 50 Best Discovery тізіміне енді

«Ұлы даланың» гастраномиясын жер-жаһан мойындады. Бұған Қазақстандағы ұлттық тағамдар дайындайтын мейрамханалардың бірінің 50 Best Discovery халықаралық тізіміне енуі дәлел. Рейтинг әлемнің беделді мыңнан астам аспазшы, ресторатoр мен тәуелсіз сыншы-сарапшылардың ұсыныстарының негізінде құрылған. Яғни, бұл дегеніміз қазақ халқының ұлттық асханасы талғампаз шетел саяхатшыларының көңілін жаулағаның белгісі. Бұл тіл үйірер дала дәмдері  мен төл мәдениет тоғысқан мейрамхана сырттан келген қонақтар тамақтанатын сүйікті мекенге айналған. Тіпті, пандемияға дейін олардың үлесі 80% жеткен. Қазір сол тың үрдіс қайта жанданғанып келеді,- дейді бас аспаз  Артем Канцев. Толықтай ұлттық нақышта безендірілген ғимаратта дәстүрлі ас мәзірі дастарханға заманауи түрде беріледі.  

Артем Канцев, Бренд шеф аспазшы:

- Қонақтар асылған ет, қуырдақ, бауырсақ сынды дәстүрлі тағамдармен бірге, ұлттық асхананың жетілдірілген заманауи түрлерінің де дәмін  татып көре алады. Мәселен трюфельмен бешпармақ жасаймыз. Жылқы еті мен трюфельдің қосындысы бірегей дәм береді. Қазақтар құрметті қонаққа бас немесе шеке ұсынады. Біз миды қара уылдырықпен үндестігін таптық. Сондай-ақ бауырсақ пен балдыр немесе ірімшікті сабақтастырамыз. Бұл өнердің  ішінде дәмін татып көруге болатын бірегей түрі деп санаймын.

Әлішер Тұрсын, «Kazakh Tourism» ҰК өкілі:

-Бұл сондай-ақ туризмді дамытуда гастрономияның рөлі ерекше екенінің айғағы. Мейрамхана жаһан деңгейінде танылғанда ол тек дәмді тамақтанатын  орын ғана емес, әлемнің жер-жерінен туристерді тартатын күшке ие болады. Яғни, магнитке айналады. Сонымен қатар гастрономиялық туризм жергілікті өндірушілер мен қолөнер шеберлерін қолдап, дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, мәдени және аспаздық мұраны сақтауға септеседі.