Президент EDF басшысы Бернар Фонтананы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы
және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады. Бұл компания төмен
көміртекті және атом энергетикасы
бойынша әлемде үздік саналады. Президент еліміздің француз компаниясымен
өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше мән беретініне тоқталды. EDF басқарма
төрағасының айтуынша, компания орнықты және заманауи энергетикалық инфрақұрылым
бойынша байланыстарды одан әрі жандандыруға ниетті.

