Илон Маск жаңа жасанды интеллект жасап шығарды
Илон Масктың компаниясы Grok 3 деп аталатын жасанды интеллект чат-ботын жасап шығарды. Миллиардер оны «Әлемдегі ең ақылды нейрожүйе» деп атады. Жаңа жүйе қазір кеңінен танымал Чат Джибитимен бәсекеге түсіп, оны тіпті артта қалдыратын көрінеді. Өйткені, Grok 3 интернетте бар ақпаратты өңдеп қана қоймай, оның дұрыс не бұрыс екенін тексере алады. Чат-бот ертең ресми түрде таныстырылады. Сосын тегін жүктеп алу үшін xAI – дің сайтына шығарылады.

