Жас шекарашылар қалашығы ашылды

Жас шекарашылар қалашығы ашылды

Шекарашылар күні қарсаңында Астанада әскери қалашық ашылды. Бұған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі және «Әскери - патриоттық және іздестіру қозғалысы қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған. «Батырлар» әскери мектебі жанынан ашылған нысан өскелең ұрпаққа елжанды етіп тәрбиелеуге ықпал етеді, дейді мамандар.


«Батырлар» әскери мектебі былтыр жазда ашылған. Оқушыларды 7 сыныптан бастап қабылдайды. Оқу тегін. Қазір мұнда 100-ге жуық бала тәрбиеленеді. Әсіресе алғашқы әскери дайындыққа ерекше ден қойылған. Білім ордасы қызметкерлерінің сөзінше болашақ жауынгерлер елордадан, сонымен қатар, Қосшы қаласынан келіп білім алады.